«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында бүгін, 20.10.2023 ж. БҚО, Сырым ауданының Өлеңті ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді.
Мердігер «Фирма ИСКОМ» ЖШС.
Құрылыс объектісіне жалпы 291 545,9 теңге қаражат бөлінді. Жер учаскесінің жалпы аумағы 0,24 га., құрылыс алаңы 323,81 м2;
Құрылыс мерзімі 3 ай.
Күніне 15 пациентке дейін қабылдау мүмкіндігі қарастырылған.
Жаңа ғимараттың ашылу салтанатына БҚО ДСБ басшысы Ерлан Токсанов, Аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов, Аудандық ауруханаға жетекшілік етуші куратор ШЖҚ «Қалалық көпбейінді ауруханасы» МКК директоры Арман Мурзахметов, Аудандық аурухана директоры Сабыр Меңдешев, аудандық мәслихат депутаты Шынар Дүйсенғалиева, «ИСКОМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры – Рафиг Мамедов, шақырулы қонақтар, Өлеңті ауылының тұрғындары және медицина қызметкерлері қатысты.
Салтанатты шарада Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Токсанов ауыл тұрғындарын фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылуымен құттықтап сөз сөйледі.
Пилоттық ұлттық жоба аясында ашылып жатырған медициналық нысан – ауыл тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетуге бағытталған.
Жаңа ғимаратта 2 мейіргер, 1 кіші буын қызметкері жұмыс жасайтын болады.
Бекітілген стандартқа сай фельдшер кабинеті, акушер кабинеті, тексеру кабинеті, процедуралық, зарарсыздандыру, егу кабинеті, оқшаулағыш, фильтр, шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлар, тіркеу кабинеті, тыныс алу жолдарынан шығатын бөліністерді қабылдау кабинеті, химизатор кабинеті жасақталған.
Қажетті медициналық қондырғылар с.і. гинекологиялық кресло, 2 тоңазытқыш, кварц-лампалар, 2 өлшеу құралы, аквадистилятор, құрғатқыш шкаф, кушеткалар, манипуляциялық үстел, медициналық шкаф, жиһаз және, оргтехникамен жабдықталған.
Өлеңті ауылы аудандық ауруханадан 2 шақырым қашықтықта орналасқан. Тұрғындар саны – 950, соның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны-235, 1жасқа дейінгі балалар саны-21, жасөспірімдер саны-51, ересектер саны-664.
Жыл басынан бастап дүниеге келген сәбилер саны 10, қатерлі ісік және туберкулез ауруы тіркелмеген.
«Д» есептегі науқастар саны-240, соның ішінде балалар-19, жүкті әйелдер саны-7.
Шұғыл жағдай кезінде тәуліктік жұмыс жасайтын болады