ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарын қалыптастыру, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы және Облыс әкімінің қаулысы аясында бүгін, 05.10.2023 ж. облыс орталығынан шалғай жатқан Жәнібек ауданының Тау және Майтүбек ауылдарындағы Жәнібек аудандық ауруханасының екі медициналық нысаны күрделі жөндеуден кейін ауыл тұрғындарына қолданысқа берілді.
Аталған медициналық нысандардың салтанатты ашылу рәсіміне Жәнібек ауданының әкімі Т.С.Шиниязов, «Аманат» партиясының хатшысы Б.Қ.Қуаналиев, Жәнібек аудандық ауруханасының директоры С.М.Исмагулова, күрделі жөндеу жұмысын жүргізген мердігер «Символ» ЖШС директоры Е.К.Илемесов, медициналық қызметкерлер мен ауыл тұрғындары қатысты.
Жаңа жабдықталған ғимараттардың ішінде халыққа сапалы медициналық көмек көрсету үшін барлық жағдайлар жасалған – жаңартылған жиһаз, медициналық кушеткалар, шкафтар қойылған.
Тау ауылындағы фельдшерлік акушерлік пункт 856 адамға;
Майтүбек ауылындағы медициналық пункт - 60 адам медициналық көмек көрсетеді.
Қазіргі уақытта Тау фельдшерлік-акушерлік пунктте учаскелік медбике, балалар медбикесі, акушер, медициналық әлеуметтік қызметкер жұмыс жасауда.
Майтүбек медициналық пунктінде учаскелік медбике халыққа медициналық қызмет көрсетеді.
Тау ауылы
Майтүбек