Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Токсанов денсаулық сақтау саласында 40 жылдан астам қызмет еткен Ажгулова Кашура Мухтарқызын құрметті зейнет демалысына шығуына байланысты құттықтады.

Басқарма басшысы облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің алғыс хатын табыс етіп, Кашура Мұхтарқызына мықты денсаулық, отбасына амандық, тіледі. Зейнет жасында бола тұрса да облыстағы денсаулық сақтау саласы ұжымымен байланысты үзбей, әріптестік және тәлімгерлік бағытта өз тәжірибесімен бөлісіп отыруын ұсынды. №2 емхана ұжымы алдында еңбек сіңірген жылдарына тоқталып өтті. 

Ажгулова Кашура Мұхтарқызы 1980 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын «Педиатрия» мамандығы бойынша  тамамдаған соң, интернатурадан кейін еңбек жолын №1 қалалық балалар емханасында учаскелік дәрігер-педиатрдан бастап, бөлімше меңгерушісі лауазымына дейін жоғарылады. Бұдан соң №3 қалалық емхананың педиатрия бөлімшесінің меңгерушісі, бас дәрігердің міндетін атқарушы, қалалық денсаулық сақтау бөлімінің бас педиатры, №1 қалалық балалар емханасының бас дәрігері, №3 қалалық емхананың директоры қызметін атқарды.

         Өзі еңбек еткен жылдары үлгілі, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары маман, тәжірибелі әрі білікті басшы ретінде танылды.

2001-2007 жылдар аралығында Денсаулық сақтау басқармасы басшысының медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі орынбасары лауазымында бола тұра облыстағы медицина саласын дамыту, халыққа көмек көрсетуде үлкен еңбек сіңірді.

Әр жылдардағы еңбегі үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, мемлекеттік награда «Шапағат» және «Еңбек ардагері» медальдарымен және т.б. марапаттарға ие болды.