«Демеу» жастар денсаулық орталығында Ашық есік күні өткізілді

«Демеу» жастар денсаулық орталығында  Ашық есік күні өткізілді

2023 жылғы 3 наурызда «Демеу» жастар денсаулық орталығында Ашық есік күні өткізілді. Жастар орталығының жұмысымен БҚО әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі комиссияның өкілдері, «Экспо+» ЖШС директоры, «БҚО бойынша әйелдер күштері альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Шукина Л.Ю., «Бәйтерек» басқармасының төрайымы Санкаева М.Б., БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Абдрахманова Г.М. танысты. Өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, осы орталықтың қызметі туралы талқылау өткізді. Іс-шара аясында акушер - гинеколог, психиатр-нарколог, терапевт мамандары репродуктивтік және психикалық денсаулықты қорғау бойынша консультациялық, емдеу-диагностикалық көмек көрсетті. Жастар мен жасөспірімдер белсенді сұрақтар қойып, өздерінің қызығушылықтарын көрсетіп, жастар орталықтарының қажеттілігі туралы өз пікірлерін білдірді. Психолог жасөспірімдер мен жастарға медициналық-психологиялық көмек көрсетіліп, ақпараттық - білім беру материалдары жадынамалар, кітапшалар, буклеттер таратылды.