Жастар денсаулық орталықтарының қызметі

Жастар денсаулық орталықтарының қызметі

Жастар денсаулық орталықтары (Жастар денсаулық орталықтары) – репродуктивті және психикалық денсаулық мәселелері бойынша 10 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға және 18 бен 29 жас аралығындағы жастарға медициналық, емдік-профилактикалық көмек, психоәлеуметтік және құқықтық қызмет көрсетеді.

Жастар денсаулық орталығында қандай қызметтер, көмек және қолдау алуға болады?

  1. Репродуктивті және психикалық денсаулық мәселелері бойынша ақпараттық қызметтер;
  2. Гинекологтың, урологтың, дерматовенерологтың консультативтік көмегі;
  3. Емдеу-профилактикалық көмек: репродуктивті денсаулық ауруларының (соның ішінде ЖЖБИ) алдын алу, диагностикалау және емдеу;
  4. Медициналық-психологиялық көмек (оның ішінде психологиялық диагностика, коррекциялық қолдау, консультативтік көмек).

ЖАСТАР ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖҰМЫС ПРИНЦИПІ

  1. Қол жетімділік ▸ Міндетті медициналық сақтандыру аясында медициналық қызметтер көрсетіледі – ТЕГІН
  2. Еріктілік. ▸ Жастар денсаулық орталығының қызметтерін өз еркімен таңдау
  3. Мейрімділік ▸ Орталықта достық пен қолдау атмосферасы орнайды.
  4. Сенім ▸ЖДО қызметкерлері құпия сақтайды, яғни дәрігерге айтқанның бәрі сіздің араңызда қалады!

 

БҚО бойынша 3 ЖДО жұмыс істейді.

2022 жылдың қорытындысы бойынша ЖДО мамандарына жүгінген жасөспірімдер мен жастардың жалпы саны 24507 адамды құрады . Сондай – ақ, олардың ішінде, ер адамдар –10862 (44,5%), әйелдер-13645(55,5%).

2022 жылдың қорытындысы бойынша Жастар денсаулық орталықтары мамандарына жүгінгендердің жалпы санынан  20909  қала тұрғындары және 3598  ауыл тұрғындары.

Жас топтары бойынша: 10-14 жас – 7052 адам, 15-18 жас – 12642 адам, 19-24 жас – 3745 адам және 25-29 жас – 1068 адам.