"AQJAIYQ" ӘКК денсаулық сақтау басқармасына тегін пайдалануға автокөлік берді

"AQJAIYQ" ӘКК денсаулық сақтау басқармасына тегін пайдалануға автокөлік берді

"AQJAIYQ" ӘКК Kia автомашинасын Денсаулық сақтау басқармасына тегін пайдалануға берді. Басқарма басшысы Арман Қалибеков бұл көлікті "Мейірім" балалар үйіне пайдалануға беру туралы шешім қабылдады. ӘКК басқарма төрағасы Нұржан Өтепбаевтың, Aqjaiyq — adaldyq alañy жобалық кеңсесінің басшысы, 7 шақырылған облыстық мәслихат депутаты Әлия Салиеваның балалар Үйінің басшылығымен және қызметкерлерімен кездесуі жылы және достық жағдайда өтті. Бүгін салтанатты жағдайда автокөлік "Мейірім"атты кішкентай тәрбиеленушілерді тасымалдау үшін берілді.