ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай

ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай

Қарашадан сәуір айларына дейінгі эпидемиялық кезең уақытында тұмауға қарсы иммундау кампаниясын жүргізуге медициналық ұйымдардың дайындығы қамтамасыз етілді, Эпидкезеңде тұмау мен ЖРВИ белгілері бар науқастарды қабылдауға медициналық ұйымдардың дайындығы (әлеуметтік қашықтықты, егілетін адамдардың ағынын сақтау, маскалар пайдалану, антисептиктердің болуы) қамтамасыз етілді, төсек қоры көлемі, негізгі тұмауға қарсы препараттардың қоры (вирусқа қарсы препараттар, оксолин майы, ыстықты түсіретін құралдар, иммундық түрлендіруші құралдар, витаминдер мен минералдар), қарқынды терапияға қажетті жабдықтар мен құралдар, дезинфекциялық препараттар мен жеке қорғаныш құралдар резервін қоса отырып, эпидемиялық маусым кезеңінде ЖРВИ және тұмаумен ауыратын науқастарды қабылдауға медициналық ұйымдардың дайындығы қамтамасыз етілді, ЖРВИ және тұмаудың профилактикасы туралы көрнекі ақпаратты (стендтер, брошюралар, парақшалар, плакаттар, тұмаудың профилактикасы бойынша бейнематериалдар көрсету) пациенттер болатын жерлерде орналастыру қамтамасыз етілді.
Эпидкезең басталғаннан бері облыстық инфекциялық ауруханаға 210 науқас түсті, оның 172 (82%) балалар, 19 жүкті әйелдер.
Аурудың алдын алу үшін қарапайым алдын-алу шараларын сақтау ұсынылады: адамдар көп жиналатын жерлерге баруды шектеу, үй-жайларды үнемі желдету, антисептиктерді қолдана отырып дезинфекциялық режимді күшейту, науқас адамдармен байланысын шектеу, оларды оқшаулауды қамтамасыз ету. Науқастардың көбі балалар екенін ескере отырып, тұмау мен ЖРВИ белгілері пайда болған кезде балаларды үйде қалдырып, мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептерге жібермеу керек.
Маусымдық тұмауға қарсы вакцинация - бұл тұмау вирустарымен шақырылатын инфекция жағдайларының алдын алудың неғұрлым тиімді әрі қауіпсіз әдісі.
Маусымдық тұмауға қарсы вакцинация - бұл тұмау вирустарымен шақырылатын инфекция жағдайларының алдын алудың неғұрлым тиімді әрі қауіпсіз әдісі.
Тұмауға қарсы вакцинацияның коронавирусқа қарсы вакцинациядан маңыздылығы төмен емес, себебі микс-инфекция таралу қаупі және сәйкесінше аурудың ауыр формасы, асқыну және болуы мүмкін өлім жағдайларының қаупі сақталады.
Вакцинацияға қарсы көрсетілімдер:
Абсолюттік – басқа вакциналар мен тауық ақуызына аллергия. Сонымен қатар, бұрын болған айқын поствакциналды реакциялар (40 градустан жоғары температура, екпе орнында ісіну, диаметрі 8 смден жоғары гиперемия) немесе поствакциналды асқыну (коллапс, фебрильді емес тырыспа, анафилаксия).

Уақытша – суық тию, жіті қалтырау жағдайы, ЖРВИ. Вакцинацияны әдетте жазылғаннан кейін 2-4 аптадан кейін жасайды. Жіті респираторлық - вирустық және ішек инфекциясының ауыр емес формаларында вакцинацияны температура тұрақтанғаннан кейін немесе аурудың жедел симптомдары жойылғаннан кейін жасайды. Асқыну кезеңіндегі созылмалы аурулар. Екпені ремиссия кезеңінде емдеуші дәрігер консультациясынан кейін жасайды.
Анықтама: Тұмау – бұл тыныс алу жолдарының зақымдалуымен және жоғары интоксикациямен (ағзаның ауыру күйімен) сипатталатын, жіті инфекциялық ауру.

Жасырын кезеңі - А тұмауында бірнеше сағаттан 1-2 күнге дейін, В тұмауында 3-4 күн.
Инфекцияның таралу жолы - ауа-тамшылы. Ауру адамнан сау адамға жөтелу, түшкіру кезінде, ауру адамның аңқасынан сөйлеген кезде ауру тудырушы микрофлорасы бар, оның ішінде тұмау вирусы бар сілекейдің, қақырықтың бөлшектері арқылы, тұрмыстық заттар арқылы (орамал, қол орамал, ыдыс және т.б)
Негізгі симптомдары:
- қалтырау;
- кенеттен дене қызуының күрт жоғарылауы;
- жалпы әлсіздік;
- бұлшық еттің ауырсынуы;
- бас ауыруы (әсіресе маңдай тұста);
- көздің және беттің қызаруы;
- құрғақ жөтел;
- мұрын бітелу.
Тұмау кенеттен қалтыраудың пайда болуымен, жөтелмен (әдетте құрғақ жөтел), бас ауыруымен, бұлшық ет және буындардың ауырсынуымен, әлсіздікпен (өзін-өзінашар сезіну),тамақ ауыруы мен сипатталады. Жөтел қатты болуы мүмкін және 2 апта және одан да көпке созылуы мүмкін.
Тұмау антибиотиктермен емдеуге келмейді. Тұмаудың ауыр формаларын вирусқа қарсы дәрілермен емдеуге болады. Тұмаудан қорғанудың ең тиімді жолы вакцинация болып табылады.