Облыстық кардиологиялық орталық базасында шеберлі сағаты өткізілді

Облыстық кардиологиялық орталық базасында шеберлі сағаты өткізілді

БҚО - да алғаш рет Облыстық кардиологиялық орталығы базасында өткен шеберлік сағаты шеңберінде «Жеткіліксіздікпен аорталық стеноз (ревматикалық емес)» диагнозымен 1970 жылғы науқасқа қолқа қақпақшасын эндоваскулярлық ауыстыру (TAVI) отасы жүргізілді.

Қолқа қақпақшасын эндоваскулярлық ауыстыру (TAVI) - аз инвазивті ота. Қолқа қақпағын ауыстырған кезде жүрекке қол жеткізу үшін хирург науқастың кеудесіне бірде-бір тілік жасамайды. Барлық манипуляциялар тек қан тамырына енгізілген катетер арқылы жүзеге асырылады.

Шеберлік сағатын Ұлыбритания, Германия мен Жаңа Зеландиядан келген мамандар өткізді. Атап айтсақ,

Кейт Дж. Олдройд — медицина ғылымдарының докторы, Корольдік дәрігерлер мен хирургтар колледжінің мүшесі (Глазго), Еуропалық кардиология қоғамының мүшесі, Biosensors International бас медициналық маманы,

Йенс Роланд — клиникалық маман (THV), Biosensors International,

Симона Миндрут — аймақтық директор Biosensors International.