05.05.2022 ж. коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай

05.05.2022 ж. коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай

Өздеріңіз білетіндей, коронавирустық инфекциямен ауырғандардың саны күн сайын өсуде, соның ішінде біздің өңірде. Ағымдағы айда сырқаттанушылық деңгейінің күрт өсуі байқалады. Егер өткен айда 728 жағдай тіркелген болса (579 симптомдық және 149 асимптоматикалық), тамыз айының 4 күнінде ғана 376 ауру тіркелген!

Айта кету керек, жыл басынан бері КВИ-дің 10 694 жағдайы тіркелген, ал пандемия басталғаннан бері 50 764 жағдай тіркелген.

Сонымен қатар, науқастардың көпшілігі аурумен жеңіл түрде аурады және олар ауруханаға жатқызуды қажет етпейтінін атап өткім келеді, біз оны, ең алдымен, осы науқастар өткен вакцинация мен ревакцинациямен байланыстырамыз. 4 тамыздағы жағдай бойынша стационарда ем алушылар саны 61-ге жетті, оның екеуі жан сақтау бөлімінде. Барлығы 289 инфекциялық төсек орны бар. Амбулаториялық бақылауда 469 науқас бар.

КВИ бар науқастарға медициналық көмек көрсету үшін Ақжайық, Теректі және Бәтерек аудандарында 67 төсек орын инфекциялық төсекке қайта бейімделді.
Бүкіл адамдардың көзі жетсе де, еске сала кетейін, вакцинация КВИ-ден қорғаудың ең тиімді және сенімді әдісі болып қала береді.

Облыс емханаларында "PFIZER" компаниясының Comirnaty вакцинасының 800-ге жуық дозасы, QazVac-тың шамамен 4000 дозасы және Vero Cell вакцинасының 50 000-нан астам дозасы бар.
Жаппай вакцинациялау басталғаннан бері облыстың 279 131 тұрғыны І компонентпен егілді, бұл жоспардың 67,4% - ын құрайды, ІІ компонентті 270 474 батысқазақстандық алды (жоспардың 65,3%).

Pfizer компаниясының "Комирнати" вакцинасымен 20 445 адам вакцинацияланды, оның ішінде 461 жүкті әйелдер, 5 324 бала емізетін әйелдер және 6 551 жасөспірім, 16 мүгедек және 8 093 өзге адам.

Қазіргі уақытта ревакцинациядан 108 511 адам өтті (54,1 %). Қазірдің өзінде 8 093 адам қайта ревакцинациядан өтті (58,6 %).

Вакцинаны алғаннан кейін пайда болған антиденелер өмір бойы өндірілмейтінін еске салудың қажеті жоқ шығар. Олар 6 ай мерзіміне дейін сақталады, кейін антиденелер сіздің денсаулығыңызды қорғай алмайды. Ол үшін біз 6 ай бұрын вакцинацияның толық курсын алған адамдарға ревакцинациядан өтуді және тиісінше жарты жыл бұрын ревакцинациядан өткен адамдарға қайта ревакцинациядан өтуді ұсынамыз.

Біздің облысымыздың тұрғындары мен қонақтарына ЖРВИ-ге тән аурудың алғашқы белгілерін назардан тыс қалдырмаңыз және жоғары дене қызуы, ентігу, құрғақ жөтел, иіс жоғалуы пайда болған кезде дереу медициналық көмекке жүгінуіңізді сұраймын. Облыстың барлық емханаларында фильтр-кабинеттер мен мобильді топтар жұмыс істейді. Естеріңізге сала кетейін,эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты барлық медициналық мекемелерде бетперде режимі жанданды. Осы талапқа түсіністікпен қарап, ауруханалар мен емханаларға барған кезде, бетперде киюді сұраймын.

Сақтық шараларын еске түсіру артық болмайды деп ойлаймын. Ең алдымен, көпшілік іс-шараларға және адамдар көп жиналатын жерлерге, әсіресе жабық ғимараттарға барудан аулақ болуға тырысыңыз, егер мұндай жерлерге барғыңыз тура келсе, әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз, бетперде тағуды ұмытпаңыз, антисептиктерді қолданыңыз.
Қазір біздің облысымыз жасыл аймақта және облыс тұрғындарының санасы, барлық сақтық және вакцинация шараларын сақтау арқасында біз қауіпсіз "жасыл" аймақта қаламыз деп үміттенемін.