Ана сүтімен емізуді қолдаудың Дүниежүзілік апталығы

Ана сүтімен емізуді қолдаудың Дүниежүзілік апталығы

3 тамыз күні Облыстық перинаталдық орталықтың жүкті әйелдер патологиясы бөлімінің акушерлері «Бала мен ана үшін емізудің артықшылықтары» тақырыбында әйелдер арасында викторина өткізді. Викторина ана сүтімен емізуді қолдаудың Дүниежүзілік апталығына орай ұйымдастырылған. Жиналған жүкті әйелдер емізу туралы дәріс тыңдады, онда осы тақырып бойынша барлық сұрақтар: ана сүтінің құрамының бірегейлігі, баланы кеудеге қою ережелері, сүтті сүзу ережелері, емшекке күтім жасау, емізуге байланысты қиындықтар мен асқынулар туралы айтылды. Қатысушылардың емізу туралы ақпаратты меңгергенін анықтау үшін викторина өткізілді. Викторинаның барлық қатысушылары дипломмен марапатталды.