"Жәрдем" мамандандырылған медициналық пойызы келді

"Жәрдем" мамандандырылған медициналық пойызы келді

23 шілдеде БҚО-ға "Жәрдем" мамандандырылған медициналық пойызы келді. Медициналық пойыздың қызметтерін алғаш болып Тасқала ауданының тұрғындары пайдалана алды. Олар дәрігерлерді дәстүрлі бауырсақтармен қарсы алды.

Пойыз облыс станцияларын 9 тамызға дейін аралайтын болады. Медициналық пойыздың маршруттық парағында аймақтың 9 станциясы бар. Бүгінгі таңда елордалық дәрігерлер Семиглавый Мар, Тасқала және Деркөл, Переметное, Белес станцияларындағы елді мекендерде консультативтік және емдік көмек көрсетті. Одан әрі пойыз Жайық, Алғабас, Амангелді станцияларына барады. БҚО-дағы соңғы пункт Шыңғырлау станциясы болады, онда дәрігерлер тұрғындарды 8-9 тамызда қабылдайды.
Пойыз мамандарының айтуынша, терапевтер мен педиатрлар, офтальмологтар, невропатологтар мен стоматологтар халық арасында ең көп сұранысқа ие. Кеңес беруден басқа, тұрғындарда УДЗ, ЭКГ, флюорографиядан өту мүмкіндігі бар және осының барлығы тегін негізде.
Жоба "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қаржылық қолдауының арқасында мүмкін болды және денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобының атынан "Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ жанындағы "әлеуметтік жобалар қоры" Корпоративтік қорымен бірлесіп іске асырылуда.