Эпидемиологическая ситуации по коронавирусной инфекции

Эпидемиологическая ситуации по  коронавирусной инфекции

Бүгінгі таңда облысымызда коронавирустық инфекцияға байланысты эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалуда. КВИ-мен сырқаттанушылық деңгейі өткен айлармен салыстырғанда күрт өсіп отыр.
Шілде айының басынан бері коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 207 жағдайы тіркелді (164 симптомды, 43 симптомсыз). Өткен аймен салыстырғанда аурушаңдық деңгейі 99,1%-ға өсті (маусым айында 4 жағдай тіркелді).
Жыл басынан бері өңірімізде КВИ-дің 9 797 жағдайы, ал пандемия басталғалы бері 49 794 жағдай тіркеліп отыр.
КВИ бойынша аурушаңдық деңгейінің күрт өсуіне байланысты инфекциялық стационарға түскендер саны да күннен күнге артып келеді. Атап айтар болсақ, шілде айының 14 күні инфекциялық стационарларда 1 науқас ем алып жатқан болса, бір аптаның ішінде, яғни 21 шілде күні науқастар саны 33-ке жетіп, өсім 97% құрады.
Сонымен қоса, өңірімізде КВИ оң нәтижесі бар балалар мен жүкті, босанатын әйелдерге медициналық көмек көрсету мақсатында облыстық перинаталдық орталықтан, қалалық көпбейінді аурухананың босандыру бөлімінен және облыстық көпбейінді балалар ауруханасынан 32 төсек-орын КВИ оң нәтижесі бар науқастарға арналып инфекциялық төсек орнына қайта бейінделді.
Бүгінде облыс бойынша 222 инфекциялық төсекте 33 науқас ем алуда, реанимация бөлімінде ем алып жатқан ауыр науқастар жоқ.Амбулаторлық деңгейде 165 науқас ем алуда.
КВИ-ге қарсы күрестің ең тиімді әрі сенімді жолы – вакцинация екені барлығыңызға мәлім. Жалпы облыс бойынша «PFIZER» компаниясының Comirnaty вакцинасының 1 500-ға жуық дозасы, қытайлық Vero Cell Comirnaty вакцинасының 50 000-ға жуық және отандық QazVac вакцинасының 12 000 шақты дозасы бар. Оның ішінде, «PFIZER» компаниясының Comirnaty және Sinopharm компаниясының Vero Cell вакциналары Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымымен (ДДҰ) мақұлданған болып табылады.
Егер Сіз жақын арада шетелге шығуды жоспарлаған болсаңыз емханаға кем дегенде жолға шығудан 21 күн бұрын жолығуыңыз тиіс, себебі 1 және 2 компонент аралығындағы интервал 21 күнді құрайды.
Статистикалық деректерге жүгінсек, бүгінде облысымызда коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның І компонентін 278 186 адам (жоспардың 67,1%-ы), ІІ компонентін – 269 729 адам (жоспардың 65,1%-ы) алды.
Қазіргі таңда облыс бойынша Pfizer компаниясының «Комирнати» вакцинасын 20 215 адам алды, оның ішінде 456-сы жүкті әйелдер, 5291-і бала емізетін әйелдер, 6511-і жасөспірімдер, 16-сы мүгедектік тобы бар және 7 941 басқа санаттағы адамдар.
Облыс бойынша барлығы 102792 адам ревакцинациядан (51,3%),
6 443 адам қайта ревакцинациялаудан (42,3 %) өтті.
Ведомствоаралық комиссияда тағы бір көтерілген мәселе - ревакцинациялау. ҚР өңірлерінің рейтингінде ревакцинация бойынша 17 аймақ ішінен 15-ші орында тұрмыз. Бұл дегеніміз басқа өңірлермен салыстырғанда ревакцинациялау деңгейі айтарлықтай төмен деген сөз. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сай, ауырғандардың 89%-ы вакцина алмағандар не вакцина алғанынан кейін 6 айдан астам уақыт өткен адамдар. Жалпы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысына сәйкес, тұрғындар арасында ұжымдық иммунитет қалыптасуы үшін ревакцинациялаумен қамтылу деңгейі - 65-% болуы шарт. Сондықтан да 2 компонент алғаннан кейін 6 ай мерзім өткен тұлғаларды ревакцинация алуға, ал ревакцинация алған тұлғалардың ішінен 6 ай өткен адамдар бар болса қайта ревакцинация алып, КВИ-ге қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыруға шақырамын.
ЖРВИ белгілері, ентігу, құрғақ жөтел, иіс сезудің жоғалуы байқалған жағдайда бірден медициналық көмекке жүгінулеріңіз сұралады. Облыстың барлық емханаларында маска режимі, фильтр-кабинеті мен мобильді бригадалар жұмысы қалпына келтірілді.
COVID-19 таралуын болдырмау және облыс бойынша эпиджағдайдың одан әрі нашарлауын болдырмау мақсатында эпидемияға қарсы шараларды, әлеуметтік арақашықтықты сақтап, адам көп жиналатын жерлерге көп бармауға шақырамыз. Сондай-ақ аймақтың эпидемиологиялық ахуал матрицасының қай аймағында орналасқандығына қарамастан, әуе және теміржол көліктері мен халықаралық автобустарда және жабық ғимараттарда маска тағу ұсынылады.