РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

Жақында Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы ұйымдастырған денсаулық сақтау ұйымдары арасында өткізілген «Мемлекеттік тіл – менің тілім» республикалық байқауы өз мәресіне жетті.

Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы қатысқан барлық басқармалардан оза шауып, «Үздік денсаулық сақтау басқармасы» аталымында 1-орынды иеленді.

Сондай-ақ, Бөрлі аудандық ауруханасының баспасөз қызметінің маманы Вероника Пермитина төп жарып, «Үздік тіл маманы» арнайы медалімен марапатталды.

Қалалық №1 емханасының мейіргері Қалила Ақбалиева «Даналық» төс белгісімен мараптталды.

Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының көшпелі бригада фельдшері Амандық Бердіғали «Жас дарын» аталымы бойынша 2-ші орынға ие болды.

«Тіл ардагері» аталымы бойынша облыстық көпбейінді аурухананың маманы Светлана Жоламанова мараптталды.

Мемлекеттік тіл – елдегі тұрақтылық пен бірліктің негізі, сондықтан әрбір қазақстандықтың міндеті – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруда бірлесіп жұмыс істеу.

Жеңістеріміз көп болғай! Марапат құтты болсын!!!