Мемлекеттік қызмет ардагерімен кездесу

Мемлекеттік қызмет ардагерімен кездесу

2022 жылдың 8 маусымы күні «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында мемлекеттік қызмет ардагері Әжібаев Есберген Әжібайұлымен жоспарланған кездесу шарасы өтті.

Шараға Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы, Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы және Батыс Қазақстан облысының дін істер басқармасының ұжымы қатысты.

Мемлекеттік қызмет ардагері Есберген Әжібайұлы өзінің қызмет барысында жиналған көп жылдық тәжірибесімен бөлісіп, кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Сөз соңында мемлекеттік қызмет ардарегі әлеуметтік дертпен күрес жүргізуді әрбір қызметші өзінен бастау керектігін айтып, адал, әділ және парасатты болуға шақырды.