А. Ғиният БҚО-ның шалғай аудандарының тұрғындарымен кездесу өткізді

А. Ғиният БҚО-ның шалғай аудандарының тұрғындарымен кездесу өткізді

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният облыс орталығынан ең шалғай жатқан Бөкей ордасы және Жаңақала аудандарында тұрғындармен кездесу өткізді.

Министр ауыл тұрғындарының алдында денсаулық сақтау жүйесінің бірінші міндеті медициналық көмектің бастапқы деңгейінде профилактиканы күшейту екенін әсіресе, балаларды уақтылы зерттеп-қарауды маңызды екенін, ол үшін мектеп медицинасында жаңа стандарттар енгізілетінін, бұл асқазан-ішек жолдарының, тірек-қимыл аппаратының, көру және тағы басқа ауруларын ерте анықтауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Сондай-ақ консультациялық-диагностикалық қызметтер 1,5 есеге ұлғайтылады, бұл ауруларды ерте диагностикалаудың қолжетімділігін арттыруға және халықтың денсаулық сақтауға жеке шығыстарын төмендетуге мүмкіндік береді.

Дәрілік заттардың қолжетімділігін арттыру мақсатында амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету тізбесін кеңейту және қайта қарау бойынша жұмыстар жалғасатынын» атап өтті Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Сонымен бірге денсаулық сақтау ұйымдары желісінің нормативін қайта қаралатынын, оның шеңберінде халық саны 50 адамнан 500 адамға дейінгі ауылдарда медициналық пункттер құру; 500 адамнан 1500 адамға дейінгі ауылдарда фельдшерлік-акушерлік пункттер құру; 1500 адамнан 5000 адамға дейінгі дәрігерлік амбулатория құру ұсынылатынын айтты.

Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге кірмейтін дәрілер мен медициналық бұйымдардың қолжетімділігін арттыру үшін ауылдық медициналық ұйымдардың базасында дәріхана пункттерін құру жоспарлануда.

Ауыл тұрғындарын полигонның денсаулыққа тигізетін әсері және қосымша медициналық көмек, жеңілдік пакеттері түріндегі өтемақы мүмкіндіктері алаңдатады.

Министр медициналық қызметтерге қолжетімділік мәселелеріне жауап бере отырып, ауыл тұрғындары ауданнан тыс жерлерге бармай-ақ, аз инвазивті хирургиялық операцияларды, күрделі манипуляцияларды қоса алғанда, іс жүзінде барлық медициналық қызметтерді алуы үшін аудандық ауруханаларға жоғары мәртебе беру жоспарланғанын атап өтті.

Сонымен қатар Министр пациенттер қолдау қызметін күшейту қажеттігін, пациенттерге медициналық көмекке қайда және қалай жүгіну керек екенін, ол көмекті қалай алуға болатынын түсіндіру керек екенін еске салды.

Кездесу соңында Ажар Ғиният тұрғындарға зор денсаулық тілей отырып, жерлестерімен кездескеніне өзінің қуанышын, туған жеріне келіп, қобалжу сезімде екенін білдірді.