2021 жылдың 15 қазанына БҚО бойынша эпидемиологиялық жағдай

2021 жылдың 15 қазанына БҚО бойынша эпидемиологиялық жағдай

Пандемия басталғалы бері облысымызда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 38 230 жағдайы тіркелді. Індетті жұқтырғандардың 80,3 - %-ы, яғни 30 705 адам жазылып шықты. Стационарлық деңгейде 14 328 адам, 16 377 адам амбулаториялық ем алғандар, пандемияның басынан бастап қазіргі кезге дейін COVID-19 - дан барлығы 791 адам, 2021 жылдың басынан бері 622 адам қайтыс болды.
Облыстық жедел жәрдем станциясына соңғы аптада барлығы 5 950 шақырту келіп түсті, оның ішінде КВИ-мен 773 (12,9%), көрсеткіштер бойынша стационарларға жатқызылғандар саны 122. Өткен тәулікте жедел жәрдемге 912 шақырту келіп түсіп, оның 103-і КВИ-мен қаралды, көрсетілім бойынша стационарға жатқызылғандар саны 23.
Бүгінгі таңда 821 науқас амбулаторлық ем алуда, оның ішінде аурудың жеңіл ағымымен 73%, орташа ауырлықта 6,3 % және симптомсыз 20,5%.
Аурушаңдық деңгейінің және инфекциялық төсек-орын толымдылығының төмендеуіне байланысты 128 инфекциялық және 100 карантиндік төсек-орындарын жаптық.
Анықтама үшін: инфекциялық төсек орындарының саны – 128: Шыңғырлау АА 30 төсек, Теректі АА – 8 төсек, Кумыска – 90 төсек. Карантиндік төсек Ивушка – 100.
Бүгінде облыс бойынша 931 төсек орнына арналған 16 инфекциялық стационар жұмыс жасайды, толымдылығы 29,2 %-ды құрайды (931-дің 272-сі).
88 реанимациялық төсек-орында 25 науқас емделуде. Төсек-орын толымдылығы 28,4 %-ды құрайды. Олардың ішінде 24 науқас ауыр халде және 1 науқас аса ауыр халде жатыр. Инвазивті өкпені жасанды желдету аппаратына 1 науқас, инвазивті емес өкпені жасанды желдету аппаратына 10 науқас қосылған. 22 реанимацияда жатырған науқастың ілеспелі аурулары бар, 14-інде жүрек-қан тамырлары аурулары,8 науқаста қант диабеті.
Бүгінде қала және аудан емханаларында «Спутник V», «QazVac», «Vero Cell» вакциналары жеткілікті көлемде бар.
15 қазан күнгі жағдай бойынша вакцинаның І компонентімен 228 888 адам егілді («Спутник V» - 168 956, «QazVac» - 9 045, «Hayat - Vax» - 24 963, «Corona-Vac» - 7 717, «Vero Cell» - 18 207).
Вакцинаның ІІ компонентімен барлығы 206 850 адам егілді.
Облыс бойынша аурушаңдық деңгейінің соңғы 2 аптада 18,4 % - ға төмендеуі байқалғанымен, өкпенің зақымдалған үлесі пайызының жоғары болуымен және әсіресе қауіп тобындағы адамдарда ауыр ағымға лезде ауысумен сипатталатын неғұрлым агрессивті түрде өтеді. Бұл тұста қауіп тобындағы адамдарға жүрек-қантамыр ауруларымен ауыратын, қант диабеті, артық дене салмағының 2-3 дәрежесіне шалдыққан адмдар жатады.
Вакцинация - өзіңізді және жақындарыңызды Covid-19-дың асқынуынан қорғаудың ең сенімді әдісі. Коронавирустың таралу динамикасын ескере отырып, инфекцияны кез келген адам жұқтыруы мүмкін екенін ескере келе, ағзаның иммундық қорғанысын қамтамасыз еткен дұрыс.
Осы орайда сіздерді вакцинациялауға жауапкершілікпен қарап, өзіңізді және жақындарыңызды COVID-19-дан қорғауға шақырамыз.