2021 жылдың 1 қазанына БҚО бойынша эпидемиологиялық жағдай

2021 жылдың 1 қазанына БҚО бойынша эпидемиологиялық жағдай

Пандемия басталғалы бері облысымызда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 37 472 жағдайы тіркелді. Індетті жұқтырғандардың 79,8 - %-ы, яғни 29 912 адам жазылып шықты. Стационарлық деңгейде 13 998 адам, 15 914 адам амбулаториялық ем алғандар, пандемияның басынан бастап қазіргі кезге дейін COVID-19 - дан барлығы 764 адам, 2021 жылдың басынан бері 595 адам қайтыс болды.
Облыстық жедел жәрдем станциясына соңғы аптада барлығы 6 151 шақырту келіп түсті, оның ішінде КВИ-мен 776 (12,6%), көрсеткіштер бойынша стационарларға жатқызылғандар саны 159. Өткен тәулікте жедел жәрдемге 830 шақырту келіп түсіп, оның 99-ы КВИ-мен қаралды, көрсетілім бойынша стационарға жатқызылғандар саны 26.
Бүгінгі таңда 959 науқас амбулаторлық ем алуда, оның ішінде аурудың жеңіл ағымымен 69 %, орташа ауырлықта 8 % және симптомсыз 23 %.
Бүгінде облыс бойынша 1 059 төсек орнына арналған 19 инфекциялық стационар жұмыс жасайды, толымдылығы 28,8 %-ды құрайды (1 059-дың 305-і).
94 реанимациялық төсек-орында 37 науқас емделуде. Төсек-орын толымдылығы 39,3 %-ды құрайды. Олардың ішінде 34 науқас ауыр халде және 3 науқас аса ауыр халде жатыр. Инвазивті өкпені жасанды желдету аппаратына 3 науқас, инвазивті емес өкпені жасанды желдету аппаратына 14 науқас қосылған. 34 реанимацияда жатырған науқастың ілеспелі аурулары бар, 26-сында жүрек-қан тамырлары аурулары,8 науқаста қант диабеті.
Бүгінде қала және аудан емханаларында «Спутник V», «QazVac», «Vero Cell» вакциналары жеткілікті көлемде бар.
1 қазан күнгі жағдай бойынша вакцинаның І компонентімен 221 267 адам егілді («Спутник V» - 166 358, «QazVac» - 7 212, «Hayat - Vax» - 24 895, «CoronaVac» - 7 714, «Vero Cell» - 15 088).
Вакцинаның ІІ компонентімен барлығы 197 128 адам егілді.

Қазір көріп отырғанымыздай қолданылған шектеу шаралары мен кезең-кезеңмен өткізілген вакцинация жақсы нәтиже беріп, аурушаңдықтың азаюына және облыстың қызыл аймақтан шығуына септігін тигізді.
Вакцинация - өзіңізді және жақындарыңызды Covid-19-дың асқынуынан қорғаудың ең сенімді әдісі. Коронавирустың таралу динамикасын ескере отырып, инфекцияны кез келген адам жұқтыруы мүмкін екенін ескере келе, ағзаның иммундық қорғанысын қамтамасыз еткен дұрыс.
Осы орайда сіздерді вакцинациялауға жауапкершілікпен қарап, өзіңізді және жақындарыңызды COVID-19-дан қорғауға шақырамыз.