09.08.2021 жылға БҚО-дағы эпидемиологиялық ахуал туралы

09.08.2021 жылға БҚО-дағы эпидемиологиялық ахуал туралы

6 тамыз күні облысқа 15 100 доза (І компонент) көлемінде "Спутник V" вакцинасының жаңа партиясы жеткізілді.

 

БҚО бойынша екпе алған медицина қызметкерлері саны 9295 адамға жетті.

Ұстаздар-14 979 адам (95,4%)

Күш құрылымдарының қызметкерлері - 4361 адам (88,3%)

Өнеркәсіп ұйымдарының қызметкерлері - 2645 адам (90,4%)

Медициналық – әлеуметтік және жабық балалар мекемелерінің персоналы мен контингенті – 1270 адам (92,5%)

 

Облысымызда эпиджағдай әлі күнге дейін тұрақсыз. БҚО қызыл айқтан шыққан жоқ. Пандемия белең алғаннан бері  жалпы 32304 КВИ жағдайы тіркелген (20821 симптомдық және 11483 симптомсыз).

Соңғы тәулікте 111 жаңа жұқтыру жағдайы тіркелді (симптомдық – 88, симптомсыз -23)

Алдыңғы аптамен салыстырғанда ауруды жұқтыру саны 8,8% - ға азайды.

1 қаңтардан бастап 23083 ауыруды жұқтыру жағдайы тіркелді. (симптомдық – 16156, симптомсыз - 6927)

 

Облыста 20 инфекциялық стационар жұмыс істейді, инфекциялық төсектің 46,3% (1 459-дан 675) бос емес.

Оның ішінде қалада 911 төсекке арналған 7 стационар жұмыс істейді, инфекциялық төсектің 58 % (911-нің 529-ы) бос емес.

Реанимациялық төсектердің 47,7% науқастар алып жатыр (109-дан 52). 

Жыл басынан бері 416 адам қайтыс болды. Соңғы аптада-46.