2021 жылдың 4 маусымына БҚО бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы

2021 жылдың 4 маусымына БҚО бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы

2 маусым күні облысымызға 17 500 доза «Спутник V» вакцинасы жеткізілді – Арман Қалибеков

Облыс бойынша 1 ақпаннан бастап COVID-19 қарсы вакцинация басталған болатын. Жалпы вакцинациялау жұмыстарының барысы туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз мәслихатында БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Арман Қалибеков баяндады.

«Осы уақытқа дейін облысымызға вакцинаның 173 060 дозасы келіп түсті, оның ішінде 122 550 доза I компонент, 50 510доза II компонент. Оның ішінде: Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасы 119 060 доза. Яғни І компонент – 88 050 доза, ІІ компонент – 31  010 доза. Отандық «QAZVAС» вакцинасы 4 000 доза. Оның ішінде  І компонент – 2 000 доза, ІІ компонент – 2 000 доза. Біріккен Араб әмірліктерінде өндірілген «Hayat - Vax» вакцинасы 50 000 доза. Оның ішінде  І компонент – 32 500 доза, ІІ компонент – 17 500 доза», - деді Арман Қалибеков.
Жалпы облыс бойынша вакцинаның І компонентімен 69 834 адам, ІІ компонентімен барлығы 33 387адам егілген.

2  маусым  күні облысымызға 17 500 доза (І компонент,) Ресейлік «Спутник V» вакцинасы жеткізілді.