2021 жылдың 214 мамырына БҚО бойынша эпидемиологиялық жағдай

2021 жылдың 214 мамырына БҚО бойынша эпидемиологиялық жағдай

Бүгінгі таңда облысымыз бойынша барлығы 21 612 адам індетті жұқтырғаны тіркелді. Коронавирустық инфекция жұқтырғандардың 77 - %-ы, 16 674 адам жазылып шықты.  Оның ішінде 7 819 адам стационарлық, 8 855 адам амбулаториялық ем алғандар.

Қазіргі кезге дейін барлығы 320 адам COVID-19 - дан көз жұмды.

2021 жылдың басынан бастап COVID-19-дан 152 өлім жағдайы тіркелді, оның ішінде: қаңтарда - 28 жағдай, ақпанда - 15 жағдай, наурызда - 30 жағдай, сәуірде – 42 жағдай, мамырда – 37 жағдай. Олардың ішінде  80-і әйел адамдар (52%), 72-сі  ерлер -  (48%). Аудандық деңгейде қайтыс болғандар саны - 18 (12%), қалада - 134 (88%).

Сондай-ақ, науқастардың 93,2 % -ында (абс. - 138 адам) ілеспелі созылмалы аурулар болған, олардың: 70% жүрек-қан тамырлары аурулары, 12 % қант диабеті және басқалары (18%).

Бүгінгі күнгі деректер бойынша 195 төсек-орынға арналған 4 карантиндік стационарда 5 науқас жатыр. Стационарлар толымдылығы 3 %-ды құрайды.

1 123 төсек-орындық 18 инфекциялық стационарда 486 адам емделуде. Ауруханалар толымдылығы 43 %-ды құрайды.

Инфекциялық стационарлардағы 72 реанимациялық төсек-орында 27 науқас емделуде. Төсек-орын толымдылығы 38 %-ды құрайды.

Қарқынды реанимация төсектеріндегі науқастар жастарына сәйкес, келесідей топтастырылған:

50-ге дейінгі жаста – 2 науқас, бұл 7%-ды құрайды

50-ден 60 жасқа дейін - 7 науқас, бұл 26 %-ды құрайды,

60-тан 80 жасқа дейін – 10 науқас, бұл 37%- ды құрайды,

80 жастан асқан адамдар – 8 науқас, бұл 30 %-ды құрайды.

Олардың ішінде, 25 науқаста ілеспелі аурулар бар. Олардың 22-сінде жүрек-қан тамырлары аурулары,3 науқаста қант диабеті.

Облыс бойынша 1 ақпаннан бастап COVID-19 қарсы вакцинация басталған болатын. 

Осы уақытқа дейін облысымызға вакцинаның 138 560 дозасы келіп түсті, оның ішінде 89 050 доза I компонент, 49 510 доза II компонент.

25 сәуір күні облысымызға 2 000 доза (1000 доза – І компонент, 1000 доза – ІІ компонент) Қазақстандық вакцина жеткізілді. Қазіргі кезде отандық вакцинаны 1 000 облыстық тұрғын алды.

Сонымен қатар, Ресейлік және отындық вакциналардан басқа облысымызға Біріккен Араб әмірліктерінде өндірілген 45 000 доза (27 500 – І компонент, 17 500 – ІІ компонент) Hayat-Vax араб вакцинасы жеткізілді.

Жалпы облыс бойынша вакцинаның І компонентімен 64 632 адам егілді (73%).

2021 ж. 21 мамыр күнгі мәлімет бойынша вакцинаның ІІ компонентімен барлығы 26 045  адам егілді.

 

Құрметті облыс тұрғындары!

 

Қазіргі таңда КВИ-мен аурушаңдық бойынша ахуал  нашар. Науқастар инфекциялық стационарға ауыр және аса ауыр ауру ағымымен түсіп жатады.

COVID-19 таралуын болдырмау үшін және аймақтағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеу үшін мен барлығын профилактикалық шараларды қатаң ұстануға шақырамын. Маска режимін және әлеуметтік арақашықтықты сақтау, адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарға барудан аулақ болу, сондай-ақ басқа қалаларға сапарларды уақытша шектеу қажет.