26 наурызға БҚО бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы

26 наурызға БҚО бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы

Облысымыз бойынша барлығы 14 549 адам індетті жұқтырғаны анықталды, оның ішінде  7 820 адамда ауру симптомдық, 6 729 адамда симптомсыз ағымда өтті.

Коронавирустық инфекция жұқтырғандардың 82 - %-ы, 11 944 адам жазылып шықты. Оның ішінде 5 336 адам стационарлық, 6 608 адам амбулаториялық ем алғандар.

Қазіргі кезге дейін барлығы 230 адам COVID-19 - дан көз жұмды.

Бүгінгі күнгі деректер бойынша 195 төсек-орынға арналған4 карантиндік стационарда 20 науқас жатыр. Стационарлар толымдылығы 10%-ды құрайды.

596 төсек-орындық 8 инфекциялық стационарда 308 адам емделуде. Ауруханалар толымдылығы 52%-ды құрайды.

Инфекциялық стационарлардағы 62 реанимациялық төсек-орында 16 науқас емделуде. Төсек-орын толымдылығы 26 %-ды құрайды.

Қарқынды реанимация төсектеріндегі науқастар жастарына сәйкес, келесідей топтастырылған:

50-ге дейінгі жаста – 1 науқас, бұл 6 %-ды құрайды

50-ден 60 жасқа дейін - 3 науқас, бұл 19%-ды құрайды,

60-тан 80 жасқа дейін –9 науқас, бұл 56 %- ды құрайды,

80 жастан асқан адамдар – 3 науқас, бұл 19%-ды құрайды.

Олардың ішінде, 14 науқаста ілеспелі аурулар бар. Олардың 10-ында жүрек-қан тамырлары аурулары,4 науқаста қант диабеті.

Бүгінинвазивті өкпені жасанды желдету аппаратына - 3 науқас,инвазивті емес өкпені жасанды желдету аппаратына -  7 науқас, оттегі концентраторына 12 науқас, орталықтандырылған оттегі көзіне 68 науқас қосылған.

Қосымша 1986 төсек-орындық резервтік қор дайындалды. Олардың 1221 төсек-орыны инфекциялық стационарларда, 765 төсек-орыны карантиндік стационарларда.

Облыс бойынша 1 ақпаннан бастап COVID-19 қарсы вакцинация басталған болатын.  Қазіргі таңда алғашқы (1000 доза) және екінші (3250 доза)  партиядан Гам-КОВИД-Вак вакцинасының І компонентімен вакцинациялау аяқталды.

Сонымен қатар, облысымызға 19 наурыз күні 1000 доза (І компонент) мөлшерінде Гам-КОВИД-Вак (Sputnik V) вакцинасы жеткізілді. Вакцинация кесте бойынша жүргізіледі. Қазіргі кезде, қаулыға сәйкес, бірінші кезекте, бастапқы кезеңге ілікпей қалған, коронавирусты инфекцияға шалдығу қаупі жоғары болып табылатын медицина қызметкерлері, мұғалімдер мен  күш құрылымы қызметкерлеріне екпе жүргізілуде.

Бүгінгі таңда вакцинацияны жалпы 4 371 адам алды, оның ішінде 786-сы педагогтар, 199-ы күш құрылымы қызметкерлері.

 

Құрметті облыс тұрғындары!

Қазіргі таңда КВИ-мен аурушаңдық бойынша ахуал  нашар. Науқастар инфекциялық стационарға ауыр және аса ауыр ауру ағымымен түсіп жатады.

Әсіресе, егде жастағы артериалды гипертензия, қант диабеті, жүректің ишемиялық  ауруы бар адамдарда ауыр түрде өтеді.

Аса ауыр жағдайларды болдырмау мақсатында тұрғындарға барлық профилактикалық шараларды сақтап, жедел респираторлы вирустық инфекцияның бірінші белгілері байқалған жағдайда дереу медициалық көмекке жүгінуге кеңес береміз.

Сондықтан қатаң санитарлық нормалар мен маска режимін сақтау аса маңызды!