19 наурызға БҚО бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы

19 наурызға БҚО бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы

БҚО бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы

 

Қайырлы күн  құрметті облыс тұрғындары!

 

Бүгінгі күнге дейін барлығы 14 078 адам індетті жұқтырғаны анықталды, оның ішінде  7 567 адамда ауру симптомдық, 6 511 адамда симптомсыз ағымда өтті.

Бүгінгі күні инфекция жұқтырғандардың 82,2 - %-ы, 11 582 адам жазылып шықты. Оның ішінде 5 227 адам стационарлық емнен, 6 355 адам амбулаториялық емнен жазылып шыққандар.

Қазіргі кезге дейін барлығы 224 адам коронавирустық инфекциядан көз жұмды.

Бүгінгі күнгі деректер бойынша 195 төсек-орынға арналған 4 карантиндік стационарда 10 науқас жатыр. Стационарлар толымдылығы 5 %-ды құрайды.

591 төсек-орындық 7 инфекциялық стационарда 274 адам емделуде. Ауруханалар толымдылығы 46 %-ды құрайды.

Инфекциялық стационарлардағы 62 реанимациялық төсек-орында 12  науқас емделуде. Төсек-орын толымдылығы 19 %-ды құрайды.

Жас құрылымына сәйкес, қарқынды реанимация төсектеріндегі науқастар келесідей топтастырылған:

50-ден 60 жасқа дейін - 1 науқас, бұл 8 % ды құрайды,

60-тан 80 жасқа дейін – 5 науқас, бұл 42 %- ды құрайды,

80 жастан асқан адамдар – 6 науқас, бұл 50 %-ды құрайды.

Олардың ішінде, 10 науқаста ілеспелі аурулар бар. Олардың 7-еуінде жүрек-қан тамырлары аурулары, 3 науқаста қант диабеті.

Бүгінгі күні инвазивті емес өкпені жасанды желдету аппаратына -  7 науқас, оттегі концентраторына 8 науқас, орталықтандырылған оттегі көзіне 69 науқас қосылған.

Қосымша 1986 төсек-орындық резервтік қор дайындалды. Олардың 1221 төсек-орыны инфекциялық стационарларда, 765 төсек-орыны карантиндік стационарларда.

Облыс бойынша 1 ақпаннан бастап COVID-19 қарсы вакцинация басталған болатын.  Қазіргі таңда алғашқы партиядан (1000 доза) Гам-КОВИД-Вак вакцинасының І және ІІ компонентімен вакцинациялау аяқталды.

Сонымен қатар, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 16 ақпандағы Қаулысына сәйкес өзгерістер енгізіліп, 65 жастан асқан адамдарға вакцина жасауға рұқсат етілді.

Сонымен қатар, облысымызға 4 наурыз күні 6 500 доза мөлшерінде Гам-КОВИД-Вак (Sputnik V) вакцинасы жеткізілді (І компонент – 3 250 доза, ІІ компонент – 3 250 доза).  Вакцинация кесте бойынша жүргізіледі. Қаулыға сәйкес, бірінші кезекте, бастапқы кезеңге ілікпей қалған, коронавирусты инфекцияға шалдығу қаупі жоғары болып табылатын медицина қызметкерлері, мұғалімдер мен  күш құрылымы қызметкерлеріне екпе жүргізілуде.

Бүгінгі таңда облысқа жеткізілген партиядан (3 250 доза) вакцинацияны 2 535 адам алды, оның ішінде 660-ы педагогтар, 188-і күш құрылымы қызметкерлері.

 

Құрметті облыс тұрғындары!

 

Қазіргі таңда КВИ-мен аурушаңдық бойынша ахуал  нашар. Науқастар инфекциялық стационарға ауыр және аса ауыр ауру ағымымен түсіп жатады.

Әсіресе, егде жастағы артериалды гипертензия, қант диабеті, жүректің ишемиялық  ауруы бар адамдарда ауыр түрде өтеді.

Жаздағыдай оқиға қайталанбас үшін, аса ауыр жағдайларды болдырмау мақсатында тұрғындарға барлық профилактикалық шараларды сақтап, жедел респираторлы вирустық инфекцияның бірінші белгілері байқалған жағдайда дереу медициалық көмекке жүгінуге кеңес береміз.

Күн сайын медицина қызметкерлері халықтың денсаулығы үшін тынбай еңбектенуде. Бірақ бұл індетпен күресуде тек медицина қызметкерлерінің күші жетпейді. Еліміздің  әрбір тұрғынының өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігі болуы тиіс!

Сонымен қатар, мереке күндері аурушаңдықтың өсуі  байқалады. Тұрғындардың санитарлық нормаларды сақтамай адам көп шоғырланатын жерлерге баруы аурушаңдықтың лезде өсуіне әкеледі. Азаматтар үшін бұл байқалмауы мүмкін, алайда медицина қызметкерлері аталған жағдайлардан кейін ахуалдың қаншалықты ушығатынын көреді.

Сондықтан қатаң санитарлық нормалар мен маска режимін сақтау аса маңызды!