БҚО бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы

БҚО бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы

Бүгінгі таңда облысымыз бойынша барлығы 15 250 адам індетті жұқтырғаны тіркелді. Коронавирустық инфекция жұқтырғандардың 81,1 - %-ы, 12 367 адам жазылып шықты.  Оның ішінде 5 497 адам стационарлық, 6 870 адам амбулаториялық ем алғандар.

Қазіргі кезге дейін барлығы 241 адам COVID-19 - дан көз жұмды.

2021 жылдың басынан бастап COVID-19-дан 73 өлім жағдайы тіркелді, оның ішінде: қаңтарда - 28 жағдай, ақпанда - 15 жағдай, наурызда - 30 жағдай. Олардың ішінде  39-ы әйел адамдар (53%), 34-і ерлер -  (47%). Аудандық деңгейде қайтыс болғандар саны - 12 (16%), қалада - 61 (83,6%).

Сондай-ақ, науқастардың 94% -ында (абс. - 69 адам) ілеспелі созылмалы аурулар болған, олардың: 73% жүрек-қан тамырлары аурулары, 15% қант диабеті және басқалары (6%).

Бүгінгі күнгі деректер бойынша 195 төсек-орынға арналған 4 карантиндік стационарда 11 науқас жатыр. Стационарлар толымдылығы 5,6%-ды құрайды.

696 төсек-орындық 9 инфекциялық стационарда 410 адам емделуде. Ауруханалар толымдылығы 58,9%-ды құрайды.

Инфекциялық стационарлардағы 65 реанимациялық төсек-орында 22 науқас емделуде. Төсек-орын толымдылығы 33,8 %-ды құрайды.

Қарқынды реанимация төсектеріндегі науқастар жастарына сәйкес, келесідей топтастырылған:

50-ге дейінгі жаста – 4 науқас, бұл 18,2 %-ды құрайды

50-ден 60 жасқа дейін - 2 науқас, бұл 9,1%-ды құрайды,

60-тан 80 жасқа дейін –11 науқас, бұл 50 %- ды құрайды,

80 жастан асқан адамдар – 5 науқас, бұл 22,7%-ды құрайды.

Олардың ішінде, 18 науқаста ілеспелі аурулар бар. Олардың 16-сында жүрек-қан тамырлары аурулары,2 науқаста қант диабеті.

Облыс бойынша 1 ақпаннан бастап COVID-19 қарсы вакцинация басталған болатын. 

Осы уақытқа дейін облысымызға вакцинаның 9500 дозасы келіп түсті, оның ішінде 5250 доза I компонент, 4250 доза II компонент.

Бүгінгі таңда І компоненттің жалпы 5250 дозасының 99,9 % егілді (5243 адам). Олардың ішінде:

  • 3027 медицина қызметкерлері (57,7 %),
  • 1222 педагог (23,3 %),
  • 275 құқық қорғау органдарының қызметкерлері (5,2 %),
  • және де басқалары (719 (13,8 %)).

 

Вакцинация кезеңділікпен және кесте бойынша жүргізілуде. Қазіргі кезде, қаулыға сәйкес, бірінші кезекте, халықтың коронавирусты инфекцияға шалдығу қаупі жоғары болып табылатын деңгейлері вакцинациялануда. Әр кезең толығымен қамтылған сайын иммундауға жататын халықтың қалған бөлігін одан әрі вакцинацияланатын болады.

 

Құрметті облыс тұрғындары!

 

Қазіргі таңда КВИ-мен аурушаңдық бойынша ахуал  нашар. Науқастар инфекциялық стационарға ауыр және аса ауыр ауру ағымымен түсіп жатады.

Сол себепті, коронавирустық инфекцияның алғашқы белгілері (дене қызуының көтерілуі, жөтел, ентігу және т.б.) пайда болған кезде, үйде қалыңыз және шұғыл түрде дәрігер шақыртыңыз. Емханалардың ахуалдық орталығына қоңырау шалып мобильді топты үйде дәрігердің көмегін алу үшін шақыртыңыз немесе жедел жәрдемнің қызметіне жүгініңіз. Емханаларда кезек күту кезінде және көшеде инфекцияны басқа адамдарға жұқтыру және басқа да ілеспелі инфекциялар жұқтырып алу қаупі қаупі жоғары. Бұл аурудың ағымын қиындатады және асқынулардың дамуына немесе тіпті өлімге әкелуі мүмкін.

COVID-19 таралуын болдырмау үшін және аймақтағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеу үшін мен барлығын профилактикалық шараларды қатаң ұстануға шақырамын. Маска режимін және әлеуметтік арақашықтықты сақтау, адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарға барудан аулақ болу, сондай-ақ басқа қалаларға сапарларды уақытша шектеу қажет.