Ағымдағы жылдың 3 наурыз күні БҚО Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы басқармасы және ҚР ҰҚК БҚО бойынша Терроризмге қарсы орталығы бөлімінің қызметкерлері БҚО Денсаулық сақтау басқармасының жеке құрамы мен Басқармаға қарасты 38 мекеме қызметкерлеріне ZOOM платформасында террористік тұрғыдан осал (әрі қарай-ТТО) объектілердің террористік әрекетке қарсы іс-қимылы туралы оқу-жаттығу жүргізді.
Онда, 2020 жылдың ТТО объектілерді тексеру нәтижелері мен 2021 жылы алдағы тексерулер туралы айтылды.
ТТО нысандарының терроризмге қарсы қорғалу саласындағы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі № 416 «Терроризмге қарсы іс-қимыл» туралы заңы, 2020 жылғы 13 мамырдағы №325-VI «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы » Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі №191 Қаулысы, «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1217 Қаулысы кеңінен талқыланды.
Басқарудағы объектілерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру бойынша ұсыныстар берілді.
Терроризм актісі пайда болған кездегі ТТО объекті басшылары мен қызметкерлерінің іс-қимылы туралы бейнероликтер көрсетіліп, түсіндірілді.