БҚО бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы

БҚО бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы

Ағымдағы жылдың 12 ақпанындағы жағдай бойынша біздің облысмыз «сары аймақта» тұр.Бүгінгі күнге дейін барлығы 11 947 адам індетті жұқтырғаны анықталды, оның ішінде  6 377 адамда ауру симптомдық, 5 570 адамда симптомсыз ағымда өтті.

Бүгінгі күні инфекция жұқтырғандардың 79,9 %-ы, 9554 адам жазылып шықты. Оның ішінде 4 188 адам стационарлық емнен, 5 366 адам амбулаториялық емнен жазылып шыққандар.

Қазіргі кезге дейін барлығы 199 адам коронавирустық инфекциядан көз жұмды.

Бүгінгі күнгі деректер бойынша185 төсек-орынға арналған 4 карантиндік стационарда 31 науқас жатыр. Стационарлар толымдылығы 16,7%-ды құрайды.

591 төсек-орындық 7 инфекциялық стационарларда 351 адам емделуде. Ауруханалар толымдылығы 59,3%-ды құрайды.

Инфекциялық стационарлардағы62 реанимациялық төсек-орында 27 науқас емделуде. Төсек-орын толымдылығы 43,5%-ды құрайды.

Жас құрылымына сәйкес, қарқынды реанимация төсектеріндегі науқастар келесідей топтастырылған:

35-тен 60 жасқа дейін - 9 науқас, бұл 33,3 %, 60-тан 80 жасқа дейін - 15 науқас, бұл 55,6%, қалғаны 80 жастан асқан адамдар – 3 науқас, бұл 11,1%-ды құрайды.

Олардың ішінде, 22 науқаста ілеспелі аурулар бар. Олардың16-сында жүрек-қан тамырлары аурулары, 3 науқаста өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, 1 науқаста қант диабеті, 1 науқаста жатыр мойыны обыры және 1 науқаста оң жақтық плеврит бар.

Бүгінгі күні инвазивті емес өкпені жасанды желдету аппаратына 3 науқас, оттегі концентраторына 11 науқас, орталықтандырылған оттегі көзіне 101 науқас қосылған.

Қосымша 1996 төсек-орындық резервтік қор дайындалды. Олардың 1221 төсек-орыны инфекциялық стационарларда, 775 төсек-орыны карантиндік стационарларда.

Әрбір емханада COVID-19 және пневмония симптомдары бар пациенттерді, созылмалы аурулары бар пациенттерді, сондай-ақ көрсеткіштер бойынша жүкті әйелдер мен балаларды үйде бақылау үшін 124 мобильді бригада жұмыс жасауда. Мобильді бригада тәулігіне орта шамамен280 шақыруға барады, оның ішінде 70-іCOVID-19 бойынша.

Құрметті облыс тұрғындары, сізден медициналық көмекке уақытылы жүгінуіңізді және белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауыңызды, туындаған сұрақтарыңыз бойынша емханалардың ахуалдық орталықтарына жүгінулеріңізді сұраймыз.

Біз азаматтарды суық тию және тұмау белгілері туындаған жағдайда үйде болып, емханадан дәрігер шақыртуға кеңес береміз. Ахуалдық орталықтар науқастың өтінішін қабылдап, оған мобильді топ жіберуді ұйымдастырады. Дәрігер науқасты қарап-тексереді, қажетті ұсыныстар береді және емдеу тактикасын анықтайды. Қажет болған жағдайда, олар барлық сынамаларды, соның ішінде ПЦР-тестілеуіне арналған сынама алады. Сондай-ақ, ситуациялық орталықтардың мамандары амбулаториялық деңгейде ем алып жатырған КВИ ауыратын науқастарды, созылмалы аурулармен есепте тұрған пациенттерге қоңырау шалуды жүргізеді. Олар пациенттердің жағдайын, денсаулық жағдайының нашарлауы немесе басқа көріністері бар-жоғын бақылайды және олардың барлық деректерін ақпараттық базаға тіркейді. Қажет болған жағдайда науқасқа мобильді топ жіберіліп, тегін дәрі-дәрмектер жеткізіледі.

Сонымен қатар, облыс тұрғындары CALL орталығына 109 нөміріне хабарласып, COVID-19 мәселелері бойынша кеңес алуға болады.

Өткен аптада 109 байланыс орталығына 3 784 қоңырау келіп түсті, оның ішінде 221 қоңырау COVID-19 мәселелері бойынша. Өткен тәулікте 665 адам қоңырау шалды, соның ішінде. COVID-19 сұрақтары бойынша - 26 қоңырау.

 

Сонымен қатар 1 ақпаннан бастап Қазақстанның барлық аймақтарында коронавирустық инфекцияға қарсы кезең-кезеңімен вакцинация басталғанын өздеріңіз білесіздер. Бірінші кезекте инфекцияны жұқтыру қаупі жоғары  медицина қызметкерлері вакцинацияланады. Бұл жұқпалы аурулар ауруханаларының персоналы, жедел жәрдем, реанимация бөлімінің, ауруханалардың қабылдау бөлімдерінің, емханалар мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері.

Облыс бойынша бүгінде 1000 адам ресейлік Гам-КОВИД-Вак вакцинасымен (Sputnik V) егілді.Ол екі компоненттен тұрады, сондықтан да 2 кезеңде жүзеге асырылады. Алғашқыда, бірінші компонент бұлшықетке 0,5 мл дозада және 3 аптадан кейін (вакцинация күнін есептемегенде 21 күн) екінші компонент енгізіледі. Бірінші доза антиденелердің аз мөлшерін өндіруге байланысты қысқа мерзімді қорғаныс әсерін береді. Екінші доза біріншісінің әсерін күшейтеді, адам ағзасындағы антиденелердің мөлшері артады.

«Sputnik V» вакцинасы 18 жасқа дейінгі балаларға және 65 жастан асқан адамдарға қарсы көрсетілген.

Бірнеше рет атап өткендей, Қазақстанда вакцинация ерікті болып табылады және тек вакцинацияланған адамның келісімімен ғана жүзеге асырылады.

Вакцинацияланған азаматтардың өздерінің айтуы бойынша, олар айтарлықтай өзгерістерді сезбеген. Инъекция ауыртпалықсыз, аздап сыздаумен өтеді.

Медицина қызметкері кез-келген вакцина салмастан бұрын егілетін адамның аллергиясы бар-жоғын анықтайды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін вакцина алғаннан кейін алғашқы 30 минут ішінде дәрігердің бақылауында болуы керек: дәл осы кезеңде вакцинаға аллергиялық реакция болуы мүмкін. Содан кейін келесі 3 күнде олар тұрғылықты жері бойынша учаскелік дәрігердің бақылауында болады.

Әрбір вакцина алған адамға вакцинаның ықтимал жанама әсерлерін көрсететін арнайы жадынама және осындай әсер болған жағдайда хабарласуға болатын телефондар беріледі.

КВИ-ға қарсы вакцинацияға жатпайтын адамдар: вакцинацияға қарсы көрсетілімдері бар; КВИ-дің симптомды не симптомсыз формасы бар адамдар; КВИ ауыратын адаммен байланыста болған адамдар (карантин мерзімі аяқталғаннан кейін вакцинациялауға болады).

Барлық вакцинацияланған дәрігерлер вакцинацияның қауіпті аурулардың алдын алатынын білетін тәжірибелі мамандар.

На сегодняшний день вакцина является единственным и эффективным способом защиты населения от COVID-19. Благодаря вакцинации человечеству удалось победить опасные болезни, как натуральная оспа, и добиться относительного эпидемиологического благополучия по тяжелым инфекционным заболеваниям, как дифтерия,корь, коклюш и т.д.

Бүгінде, COVID-19 коронавирустық инфекциясының қаншалықты қауіпті екендігін және кең ауқымды қамтығандығын тәжірибе көрсетіп отыр, сондықтан бұл қауіпті індетті жеңуге  және біздің бұрынғы өмір-салтымызға қайтуымызға тек вакцинация мүмкіндік береді!