Мемлекеттік медициналық қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілді

Мемлекеттік медициналық қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілді

30 маусым күні "Ashyk Kogam әлеуметтік даму және инновациялар қоры" қоғамдық қоры Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық көп бейінді ауруханасы" ШЖҚ МКК-да мемлекеттік медициналық қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізуге бастамашы болды. Мониторинг "Қоғамдық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҚО және Орал қаласының қоғамдық кеңесі мүшелерінің, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ, БҚО мемлекеттік қызмет істері департаментінің, БҚО денсаулық сақтау басқармасының және БҚО бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының өкілдерінің қатысуымен жүргізілді. Мониторинг барысында медициналық қызметтердің қолжетімділігіне, күту уақытына, қызмет көрсету сапасына, келушілердің болу жағдайларына және мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарының сақталуына бағалау берілді. Іс-шара қорытындысы бойынша халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған ұсынымдар дайындалды.