
Брифингке Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Губайдуллина Айнаш Жұбанышқызы және ШЖҚ «Облыстық кардиологиялық орталығы» МКК директорының міндетін уақытша атқарушы Суйеугазиева Эльмира Ғайсақызы қатысты. Спикерлер өз баяндамаларында өңірдегі жүрек-қан тамырлары ауруларының таралу деңгейі, интервенциялық кардиология қызметінің дамуы, жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігі мен оның нәтижелері туралы жан-жақты ақпарат берді. Сондай-ақ, мамандар жүрек ауруларының алдын алу, ерте диагностика және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығына тоқталып, тұрғындарды денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырды. Іс-шара тікелей эфирде өтіп, көпшілікке ашық форматта ұсынылды.