Дүниежүзілік Денсаулық күніне арналған іс-шара!

Дүниежүзілік Денсаулық күніне арналған іс-шара!

Бүгін бүкіл әлемде денсаулықты сақтау және салауатты өмір салтын насихаттау күні аталып өтілуде. Осы маңызды күн аясында БҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Айнаш Губайдуллина Орал қаласының 42-ші “Ақ ниет” гимназиясына барып, мектеп жасындағы бойжеткендермен кездесу өткізді.

Іс-шараға 5 қалалық емхананың медицина қызметкерлері қатысып, жасөспірімдерге ерте жүктілік пен репродуктивті денсаулыққа байланысты қауіптер, қорғану әдістері және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәселелерін түсіндірді.

💬 Айнаш Губайдуллина өз сөзінде дұрыс тамақтанудың маңыздылығына тоқталып, салауатты өмір салтының және дұрыс тамақтанудың денсаулыққа әсерін атап өтті.

Мұндай кездесулер жас ұрпаққа дұрыс таңдау жасауға, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

💡 Денсаулық – әр жасөспірімнің ең басты байлығы. Бірге сақтайық!