Бүгін Өңірлік коммуникациялар алаңында Батыс Қазақстан облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайға арналған брифинг өтті

Бүгін Өңірлік коммуникациялар алаңында Батыс Қазақстан облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайға арналған брифинг өтті

Брифинг барысында Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнаш Губайдуллина және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мустаев өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға жан-жақты тоқталды.

Спикерлер қызылшаның таралу деңгейі, оның алдын алу шаралары, сондай-ақ вакцинацияның маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат беріп, тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды.

Іс-шара тікелей эфирде өтіп, көпшілікке ашық форматта ұсынылды.