
Жиынға денсаулық сақтау басқармасы, облыс бойынша трансплантаттау жөніндегі өңірлік үйлестіруші Индира Семенова, сондай-ақ медициналық ұйымдардың директорлары қатысты.
Мәжіліс барысында трансплантологиялық қызметті дамыту, ағза трансплантациясын қажет ететін науқастардың күту тізімін әділ әрі ашық қалыптастыру, сондай-ақ мәйіттік донордан ағзаларды бөлу тәртібін жетілдіру мәселелері талқыланды.
Трансплантация – талай жанға өмір сыйлайтын маңызды бағыт. Сондықтан бұл саладағы әрбір шешім жауапкершілік пен ашықтықты талап етеді. Жиын қорытындысында өңірде атқарылатын жұмыстар нақтыланып, бірқатар ұйымдастырушылық тапсырмалар белгіленді.