
Қалалық көпбейінді ауруханада медициналық ұйым қызметкерлерінің қатысуымен Конституциялық реформаны түсіндіруге арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.
Жиынға Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Асылбек Каналиев төрағалық етті.
Кездесу барысында Конституциялық реформаның негізгі бағыттары, қабылданған өзгерістердің мәні мен маңызы, олардың қоғамдық даму мен азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етудегі рөлі жан-жақты түсіндірілді.
Спикерлер қатарында:
Спикерлер өз баяндамаларында Конституциялық реформаның ел дамуы үшін маңызын атап өтіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Мұндай кездесулер ұжымдар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын күшейтуге және мемлекеттік реформалардың мазмұнын кеңінен жеткізуге бағытталған.