
Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысы өтті. Жиынға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов қатысып, алқа мәжілісін төрағалық етті.
Алқа отырысын Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Амангелдіұлы ашып, «Батыс Қазақстан облысы бойынша денсаулық сақтау саласының 2025 жылғы қызметінің қорытындылары және 2026 жылға арналған міндеттер» тақырыбында баяндама жасады.
Күн тәртібіне сәйкес, медициналық ұйымдардың 2025 жылғы атқарған жұмыстары бойынша қосымша баяндамалар тыңдалды. Атап айтқанда,
«Облыстық көпбейінді ауруханасы», «Бөкейордасы аудандық ауруханасы», «Бөрлі аудандық ауруханасы» және «Теректі аудандық ауруханасы директорлары есеп берді.
Сондай-ақ алқа отырысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы 2025 жылғы қызметінің қорытындылары мен нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер туралы ақпарат ұсынылды.
Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті медициналық көмектің сапасы жөнінде баяндама жасады.
Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 2025 жылдың 12 айындағы эпидемиологиялық жағдайды таныстырды.
Талқылау барысында Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Утешев аудандық және облыстық ауруханалар директорларының есептеріндегі кемшіліктерге назар аударып, оларды жою бойынша нақты ұсыныстар берді.
Алқа отырысының қорытындысы бойынша 2026 жылға арналған негізгі міндеттер айқындалып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктелді.