Онкологиялық көмектің сапасын арттыру және саланы жүйелі дамыту мәселелері республикалық деңгейде талқыланды

Онкологиялық көмектің сапасын арттыру және саланы жүйелі дамыту мәселелері республикалық деңгейде талқыланды

Онкологиялық көмектің сапасын арттыру және саланы жүйелі дамыту мәселелері республикалық деңгейде талқыланды.

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі алаңында өткен жиынға өңірлер онлайн форматта қосылды. Республикалық кеңеске Батыс Қазақстан облысы да қашықтан қатысты.

 

Басқосуда ел бойынша онкологиялық қызметтің нәтижелері сараланып, қатерлі ісіктерді ерте кезеңде анықтау, диагностика мен емдеу сапасын арттыру, медициналық ұйымдар арасындағы сабақтастықты күшейту мәселелеріне басымдық берілді.

 

Сондай-ақ алғашқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде онкологиялық қызметті ұйымдастырудың тиімділігі, пациенттерді кезең-кезеңімен жүргізу тетіктері және өңірлік тәжірибені жетілдіру жолдары талқыланды.

 

Жиын қорытындысы бойынша онкологиялық көмекті біріздендіру, көрсетілетін қызмет сапасын арттыру және пациентке бағытталған медициналық көмекті күшейту қажеттігі атап өтілді.