Негізгі нәтижелер:

Облыста 368 медициналық нысан жұмыс істейді

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 50 нысанның құрылысы аяқталды

Салаға 15 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды

308 бірлік заманауи медициналық жабдық сатып алынды
Кадр саясаты:

1 800 дәрігер, 6 500-ден астам орта медицина қызметкері еңбек етеді

Соңғы 2 жылда өңірге 327 дәрігер тартылды

Көтерме жәрдемақы: ауылда – 8,5 млн тг, қалада – 5 млн тг
(2025 жылы көтерме жәрдемақы 1,1 млрд теңге бөлінді)
Денсаулық көрсеткіштері:

Орташа өмір сүру ұзақтығы – 74,14 жас

Жалпы өлім-жітім көрсеткіші соңғы 10 жылда 9,3-тен 7,71-ге дейін төмендеді

Нәресте өлімі 2022 ж. – 8,28 → 2023 ж. – 8,0 → 2024 ж. – 7,9 → 2025 ж. – 5,8
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету:

Республикалық бюджеттен 10,5 млрд теңге бөлініп, 140 936 пациент (оның ішінде 17 947 бала) тегін дәрі-дәрмекпен қамтылды

Жергілікті бюджет есебінен 35 нозология бойынша 2 557 пациент, оның ішінде 122 бала 2,3 млрд теңгеге дәрілік заттармен қамтамасыз етілді

Барлығы 633 275 рецепт «Әлеуметтік әмиян» сервисі арқылы орындалды