Состоялось выездное заседание коллегии управления здравоохранения Западно-Казахстанской области

Состоялось выездное заседание коллегии управления здравоохранения Западно-Казахстанской области

Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының көшпелі Алқа отырысы өтті

2025 жылғы 19 желтоқсанда Ақжайық ауданында Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының көшпелі Алқа отырысы өтті. Отырыс Ақжайық аудандық ауруханасда офлайн форматта ұйымдастырылды.

Алқа отырысын облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Утешев Мадияр Амангелдіұлы ашып, күн тәртібіндегі негізгі мәселелер қаралды.

  • 2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша ана мен бала өліміне талдау
  • Кардиологиялық көмектің көрсетілу жағдайы
  • Онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспардың орындалуы
  • 2025 жылғы игерілмеген қаржы қаражаттары туралы ақпарат
  • Азаматтардың өтініштеріне жүргізілген талдау

Отырыста аудандық және қалалық медициналық ұйымдардың басшылары, салалық ведомстволардың өкілдері баяндама жасап, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын ортаға салды.

Алқа қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар беріліп, денсаулық сақтау саласындағы жұмыстарды жетілдіру бағыттары айқындалды.