
Жаңа жыл қарсаңында Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Утешевтің төрағалығымен медициналық ұйымдар басшыларының қатысуымен қорытынды жиын өтті.
Жиында жыл қорытындыланып, мереке күндері медициналық көмекті қатаң бақылауда ұстау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Марапатталғандар:
Мәслихат шешімімен БҚО Құрмет грамотасымен:
— Берік Хасаинов
№2 қалалық аурухананың директоры
БҚО әкімінің Алғыс хатымен:
— Эльмира Суйеуғазиева
ШЖҚ «Облыстық кардиологиялық орталық» МКК директорының м.у.а.
— Алмагүл Тоқсанбаева
«Медициналық орталық» ЖШС неврология бөлімшесінің меңгерушісі
— Зейл Мағзомов
ШЖҚ «Облыстық онкологиялық диспансері» МКК директоры
— Диас Жайлаубайұлы
ШЖҚ «Көп бейінді қалалық аурухана» МКК директорының медицина бөлімі жөніндегі орынбасары
Еңбектеріңіз елене берсін!
Жаңа жыл құтты болсын!