Батыс Қазақстан облысы делегациясының Оңтүстік Кореяға жұмыс сапары жалғасуда

Батыс Қазақстан облысы делегациясының Оңтүстік Кореяға жұмыс сапары жалғасуда

24 қараша күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Квандонг университеті жанындағы «Святая Мария» халықаралық клиникасының өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында екіжақты келіссөздер жүргізіліп, денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Сапар барысында облыс әкімімен бірге БҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Утешев те қатысып, тараптармен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
БҚО дәрігерлері – балалар нейрохирургі, невролог, онколог, травматолог, орта буын мейіргерлері, емдеу ісі жөніндегі орынбасарлар және медициналық ұйым басшылары – Корея клиникасында тағылымдамадан өтуді жалғастыруда.
Клиниканың президенті әрі бас директоры Ко Дон Хён мырза олардың арнайы шақыртумен келуінің маңыздылығын ерекше атап өтті.
Бұл ынтымақтастық өңірдегі медициналық қызмет сапасын арттыруға, заманауи емдеу әдістерін енгізуге және мамандардың кәсіби деңгейін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.