
25 қазан — Республика күніне орай облыстық мәслихат ғимаратында денсаулық сақтау саласының үздік қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Салтанатты шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Шадиярұлы Айтмұхамбетов, сондай-ақ БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Амангелдіұлы Утешев қатысты.
Мерекелік жиын барысында медицина саласында ұзақ жыл еңбек етіп, халықтың денсаулығын қорғауға зор үлес қосқан қызметкерлерге:
-«Еңбек ардагері» медалі,
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары,
-Облыс әкімінің және БҚО денсаулық сақтау басқармасының Алғыс хаттары табысталды.
Бұл марапаттар — медицина қызметкерлерінің адал еңбегі мен жоғары кәсібилігінің лайықты бағасы.
Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!
Дендеріңіз сау, еңбектеріңіз өнімді болсын!
Ақ халатты абзал жандар – халық саулығының тірегі!