Оңтүстік Корея делегациясымен денсаулық сақтау саласында ынтымақтастық орнатылды

Оңтүстік Корея делегациясымен денсаулық сақтау саласында ынтымақтастық орнатылды
2025 жылғы 20 қазан күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Квандонг университеті жанындағы Халықаралық клиника (Республика Корея, «Святой Марии») өкілдерімен ресми кездесу өткізді. Делегацияны клиниканың президенті әрі бас директоры Ко Дон Хён мырза бастап келді.
Кездесу аясында тараптар денсаулық сақтау саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, келесі бағыттарда бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты:
* медициналық тәжірибе және ақпарат алмасу;
* халықаралық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру;
* заманауи емдеу әдістері мен технологияларын енгізу;
* қазақстандық медицина қызметкерлерін Оңтүстік Кореяда оқыту және біліктілігін арттыру (стажировкалар, семинарлар, мастер-класстар);
* күрделі аурулар бойынша кәсіби консультациялар өткізу.
Облыс әкімі Нариман Төреғалиев өз сөзінде халықаралық серіктестіктің өңірлік медицина жүйесін дамытудағы маңыздылығын атап өтіп, мұндай бастамалар тұрғындардың денсаулығын жақсартуға және медициналық қызметтердің сапасын арттыруға ықпал ететінін жеткізді.
Тараптар ұзақ мерзімді және өзара тиімді әріптестік орнатуға дайын екендіктерін білдіріп, нақты жобалар бойынша бірлескен жұмыстарды бастауға ниет танытты.