Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау саласына инвестиция тарту жұмыстары жалғасуда

Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау саласына инвестиция тарту жұмыстары жалғасуда

Облысқа Қытай Халық Республикасынан келген делегация өңірдің медициналық ұйымдарының қызметімен танысты. Кездесу барысында тараптар денсаулық сақтау жүйесін дамыту, жаңа технологияларды енгізу және инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Мақсат — аймақтың медициналық инфрақұрылымын нығайтып, халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру.

Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы шетелдік серіктестермен өзара тиімді әріптестік орнатуға мүдделі.