Астанада – медициналық туризм жөніндегі халықаралық конференция

Астанада – медициналық туризм жөніндегі халықаралық конференция

Бүгін ел астанасында «Қазақстан Республикасындағы медициналық туризмді дамыту: болашағы мен мүмкіндіктері» атты алғашқы халықаралық конференция өтті.

Іс-шараға 30 елден келген 500-ден астам қатысушы, соның ішінде елшілер, халықаралық ұйымдар мен жетекші сарапшылар қатысты.

 Медициналық туризм – денсаулық сақтау жүйесінің стратегиялық бағыты.

Конференцияда Денсаулық сақтау министрлігі келесі негізгі бағыттарды белгіледі:
- өңірлерде табиғи-медициналық кластерлер құру;
- табиғи ресурстарды негізге ала отырып, оңалту бағдарламаларын әзірлеу;
- Қазақстанды халықаралық медициналық және сауықтыру туризмі орталығы ретінде дамыту.

Батыс Қазақстан облысы да бұл бағытта өз әлеуетін арттырып, шетелдік және отандық пациенттерге сапалы медициналық қызмет көрсетуге дайын.