Бүгін «Аманат» партиясының қоғамдық қабылдауында облыс тұрғындарының денсаулық сақтау саласына қатысты мәселелері мен ұсыныстары талқыланды.
Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Утешев азаматтарды жеке қабылдап, олардың сұрақтарына жан-жақты жауап берді, өтініштері мен шағымдарын мұқият тыңдады. Кездесу барысында өңір медицинасының бүгінгі ахуалы мен даму перспективалары қаралып, сапалы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған нақты ұсыныстар ортаға салынды.
Басқарма әрбір көтерілген мәселені назарда ұстап, оны шешу жолдарын қарастырады және тұрғындармен ашық әрі тұрақты кері байланыс орнатуға дайын.