2024 жылдың 1 шілдеден бастап Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік корпорацияның филиалы салтанатты жағдайда неке қиюды тіркейді. Ол Мемлекеттік Неке сарайында өтеді: Әбілқайыр хан, ст1.
Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысында 1664 неке қиылды. Салыстыру үшін, өткен жылы 2876 жұп некеге тұру ниетін білдірді.
Енді некеге тұруға өтініш берген кезде болашақ жас жұбайлар салтанатты тіркеуді таңдай алады. Неке сарайында ол жанды музыкамен сүйемелденеді, фотографтың қызметтері ұсынылады және фуршет ұйымдастырылады.
Сондай-ақ, ҚР «Неке және отбасы» туралы кодексінің 227-бабына сәйкес неке қию жас-жұбайлардың тілегі бойынша салтанатты жағдайда арнайы жабдықталған орындарда, мейрамханаларда немесе мемлекеттік неке сарайында өткізілуі мүмкін, ал азаматтық хал актілерін тіркеуші органның қызметкері ғана мемлекет атынан неке қию туралы куәлікті салтанатты түрде табыстайды.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың тамыз айында АХАТ бойынша Орал қалалық бөлімде алғашқылардың бірі болып егіз ағайындылардың салтанатты неке қию тіркеуі өткізілді. Сонымен, ағайынды егіздер бір уақытта өздерінің екінші жұптарымен неке қиды.