Бөрлі ауданының оқушылары жеңімпаз атанды

Бөрлі ауданының оқушылары жеңімпаз атанды

Ағымдағы жылдың 13-15 қыркүйек күндері аралығында Бөкей ордасы ауданында облыстық «Жасыл» экологиялық-туристік олимпиадасы өткен болатын. Аталмыш сайысқа Жас туристер станциясының тәрбиеленушілері қатысып, аудан намысын қорғады. Жалпыкомандалық есепте Бөрлі ауданының командасы I орынға ие болды.
Соның ішінде: «Үздік бивуак» байқауы бойынша I орын
«Маршруттан өту» жарысы бойынша I орын
«Командаларды таныстыру» байқауы бойынша II орын
Команданы жақсы дайындағаны үшін жетекші Абдирова Гульжихан алғыс хатпен марапатталды.