ХҚКО арқылы нотариуссыз жылжымайтын мүлікті қалай рәсімдеуге болады

ХҚКО арқылы нотариуссыз жылжымайтын мүлікті қалай рәсімдеуге болады

Бүгін жылжымайтын мүлікті сатып алу-сатуды ХҚКО-да рәсімдеуге болады. Құжаттарды тапсыру күнін есептемегенде қызмет көрсету уақыты 1 жұмыс күнін құрайды.

Мәміле жасау үшін сізге қажет:  жылжымайтын мүліктің техникалық паспорты; жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы мәліметтер (2-нысан).Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттар (оларды сатушы ұсынады). Егер сатушы мен сатып алушы некеде тұрса, онда жұбайының/зайыбының нотариалды куәландырылған келісімі қажет. Бұл екі жаққа да қатысты.

Егер жылжымайтын мүлік құрылыс компаниясынан сатып алынса, сізге қосымша сату туралы шешім және жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы мәліметтер (2-нысан) ұсыну қажет. Бұл ретте, егер сатып алушы некеде тұрса, жұбайының/зайыбының нотариалды куәландырылған келісімі қажет.

ХҚКО-ға дайын сатып алу-сату шартымен де, онсыз да келуге болады. Мемлекеттік корпорацияның маманы оны құрастыруға көмектеседі. Шартта жылжымайтын мүліктің барлық техникалық сипаттамалары (ауданы, қабаты, пәтер нөмірі, кадастрлық нөмірі және т.б.) көрсетілуі тиіс. Егер жылжымайтын мүлік құрылыс салушыдан сатып алынса, шартта ХҚКО-ға келетін компанияның сенімді тұлғасының аты-жөні көрсетілуі тиіс. Сенім білдірілген тұлға болмаған жағдайда ХҚКО-ға компания директоры келеді, ол сатып алу-сату шартына қол қояды және өзімен бірге директорды тағайындау туралы бұйрық әкеледі.

Жылжымайтын мүлікті тіркегені үшін мемлекеттік баж мөлшері -1 202,5 теңге, егер көрсетілетін қызметті алушы дайын сатып алу-сату шартымен келсе. Егер құжат ХҚКО-да жасалатын болса, онда көрсетілетін қызметті алушы тіркеуге қарамастан, шартты жасау үшін де бөлек 8500 теңге төлейді.

Құрылыс салушылардан сатып алушы жеке тұлға болып табылса -12 500, заңды тұлға үшін -15 000.

         Тіркеу қызметінің бағасы жылжымайтын мүлік түріне байланысты өзгереді (мысалы, пәтер, қойма, тұрақтар және т.б.).

Қызмет көрсету уақыты 1 жұмыс күнін құрайды.

 

Осылайша, тұрғындар үшін жоғарыда көрсетілген мүмкіндіктер Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде өз шығындарын бірнеше есе үнемдеуге мүмкіндік береді!

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы»

Батыс Қазақстан облысы бойынша

 филиалының баспасөз қызметі