Ағымдағы жылдың 31 мамыр күні «Нұр Ай» мейрамханасында балаларды қорғау күніне арналған жыл сайынғы іс-шара ұйымдастырылды. Аталған мереке Бөрлі ауданының іскер әйелдер кеңесінің қолдауымен «Жас Қанат» жастар қоғамдастық бірлестігімен өтті. Шараның басты қатысушылары «Жаңбыр балалары» жобасының қызмет алушылары мерекеге белсенді қатысып қана қоймай, аниматорлармен бірге ойын ойнап, би биледі. Мереке соңында кішкентай қонақтарымызға Бөрлі ауданының іскер әйелдер кеңесінің мүшелері тәтті сыйлықтарын табыстады. Балаларға керемет көңіл күй сыйлап, демеуші болған «Нұр Ай» мейрамханасының басшылығы мен Ақсай қаласының № 3 ЖОББМ «Жүректен жүрекке» еріктілер жасағына ерекше алғыс айтамыз.