Ағымдағы жылдың 20 қарашасына тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу жөнінде кеңестің өтуі туралы ақпарат

Ағымдағы  жылдың  20 қарашасына тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу  жөнінде  кеңестің өтуі  туралы ақпарат

Бөрлі ауданы әкімдігінің кіші залында аудан әкімі Е.Ихсановтың төрағалығымен ауылдық округ және Ақсай қаласы әкімдерінің, мекеме мен бөлім басшыларының қатысуымен ағымдағы жылдың 20 қарашасына тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу  жөнінде  кеңес өтті. Жиналыс барысында аудан әкімінің орынбасары А.Саркулов сайлау заңнамасы бойынша түсіндіріп, сонымен бірге ҚР Конституциялық Заңының 24 бабының 5 пунктіне сәйкес, әрбір сайлаушы тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы екені және осы мәселе жөнінде ауданда Сall-орталығы құрылғандығы туралы айтып түсіндірді.