Құрметті Бөрлі ауданының тұрғындары және қонақтары!

Құрметті  Бөрлі ауданының тұрғындары және қонақтары!

ҚР Президентінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 1019 Жарлығына сәйкес  «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалды.

Конституцияға  және сайлау заңнамасына сәйкес әрбір азамат он сегіз жасқа толғаннан кейін сайлауға қатысуға құқылы.

Сайлаушылардың құқығын жүзеге асыру үшін, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабының 5-тармағына сәйкес, аудан әкімінің аппараты сайлаушылардың тізімдерін жасақтайды.

Әрбір сайлаушы сайлау жарияланған немесе тағайындалған кезден бастап тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы.

Егер сайлаушы сайлауға отыз күннен кешiктiрмей өзiнiң тiркелген жерi бойынша сайлау учаскесiне сайлау күнi келе алмайтыны туралы белгiлi болған жағдайда, ол тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органға өзін тиісті сайлаушылар тізіміне енгізу туралы жазбаша өтінішпен жүгінуге құқылы.

Азаматтар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»  Заңының 24-бабының 5-тармағына сәйкес өтініш берген кезде, жергілікті атқарушы орган азаматтардың тіркелген жері бойынша сайлаушылар тізімінен шығаруды және оның дауыс беретін учаскенің сайлаушылар тізіміне енгізуді ұйымдастырады.

Уақытша тіркелген азаматтар тұрақты тіркелген жері бойынша тізімнен шығарылып, жергілікті атқарушы органға берген өтініші негізінде сайлаушылар тізіміне енгізіледі.

Сайлаушылар туралы ақпаратты нақтылау үшін ауданда call-орталығы құрылды. Саll - орталығына 40-0-43, +7 775 628 05 67 (Whatsapp) телефондары арқылы хабарласып, өзіңіздің сайлаушылар тізімінде бар-жоғыңызды, қай сайлау учаскесінде тіркелгеніңіз туралы ақпаратты нақтылауға, сондай-ақ өзіңіз туралы ақпаратты тексеруге болады.

Біздің мекенжайымыз: Ақсай қаласы, Әл-Фараби көшесі, 99.

Саll-орталығының жұмыс регламенті 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыссыз.

               

Бөрлі ауданы әкімінің аппараты