Қыркүйек айының басынан бастап, Ақсай қаласының 55 жылдығына орай, әртүрлі деңгейдегі мәдени-көпшілік, спорттық шаралар ұйымдастырылып, өтуде.

Қыркүйек айының басынан бастап, Ақсай қаласының 55 жылдығына орай, әртүрлі деңгейдегі мәдени-көпшілік, спорттық шаралар ұйымдастырылып, өтуде.
Бүгін осы шаралар қатарын «Шеберлер қалашығы» аталатын қолөнер шеберлерінің көрмесі толықтырды.
Киелі қолөнерімізді дамытып, мәдени мұрамызды насихаттап жүрген облыс орталығы мен Бөрлі ауданының шеберлері көрмеге өз бұйымдарын шығарып, жұртшылықты тамсандырды. Шараға қатысқан аудан әкімі Еркебұлан Ихсанов шеберлерге зор алғысын білдіріп, кәсіптерінің өрге жүзіп, шығармашылық армандары мен жоспарларының орындалуын тіледі. Бүгінгі шеберлер көрмесінің аудан тұрғындарының есінде ұзаққа қалатыны сөзсіз.