Бірге-таза Қазақстан " экологиялық акциясы аясында "Ақсайавтотранс" АҚ және "KAZCARGO EXPRESS" ЖШС қызметкерлері бекітілген аумақты бұтақтардан, бөтелкелерден, құрғақ шөптен және басқа қоқыстардан тазартып, тәртіпті қалпына келтіруді жалғастыруда.Қазіргі уақытта 20 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Ақсай қаласының әкімдігі іс-шараға қатысушыларға алғысын білдіреді және азаматтарды қаламыздың келбетіне бей-жай қарамауға шақырады!